+7 (71337) 43801 kgp_alga@mail.ru РК, Актюбинская область, г.Алга, ул.Торговая, 6
Предоставление услуг по водоснабжению, водоотведению и услуг по производству, передаче, распределению и снабжению тепловой энергией населения города Алги и населенных пунктов Алгинского района.
Келісім шарт ( жылу )

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
12-қосымша

 

ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН БЕРУ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ТАРАТУ ЖӨНIНДЕГІ

ҚЫЗМЕТТЕРДI КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ҮЛГІ ШАРТ

 

02.08.2019 ж. № 31 (7046) (8724) Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған

 

Ақтөбе облысы, Алға қаласы                                                           20_ жылғы "___"_________

 

            Бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын «Алға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы шаурашылы «Алға-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорының атынан, ЖСН 000540004614, жарғы негізінде әрекет ететін директоры Давлетов Нурлан Кудайбергенович бiр тараптан

және бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ______________ негізінде әрекет ететiн _________________ (пайдаланушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) ___________________________ атынан (лауазымы, А.Ә.Т.) екiнші тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.

 

1-ТАРАУ. ШАРТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

 

  1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

            баланстық тиесілілік пен пайдалану жауапкершілігінің шекарасы – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы, сондай-ақ тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасындағы жылу желісінің баланстық тиесілілігі бойынша айқындалатын және тараптардың пайдалану жауапкершілігін белгілейтін жылу желісін бөлу нүктесі;

            есепке алу аспабы (есеп айырысатын есепке алу аспабы) – жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, заңнамада белгіленген тәртiппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

            есеп айырысу кезеңi – тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және Тұтынушыға ақы төлеуге берілетін шартпен айқындалатын уақыт кезеңi (күнтiзбелiк ай);

            жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіру, жылу беру және жылу тұтыну қондырғыларынан тұратын кешен;

            жылу желiсi – жылу энергиясын беруге және/немесе таратуға арналған құрылғылар жиынтығы;

            жылу жеткізгіш – жылу энергиясын беруге арналған жылумен жабдықтау жүйесінде пайдаланылатын зат (су, бу);

            жылу энергиясы – тұтыну кезінде жылу жеткізгіштің термодинамикалық параметрлері (температура, қысым) өзгеретін жылу жеткізгіш беретін энергия;

            жылу энергиясы үшін есеп айырысу – Өнім беруші ұсынған төлем құжаты негізінде есеп айырысу кезеңі аяқталған соң жылу энергиясы үшін Тұтынушының төлемақысы;

            жылу энергиясының нақты көлемі – коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде немесе олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша айқындалған Өнім беруші Тұтынушыға берген жылу энергиясының көлемі;

            жылу тұтынатын қондырғы – жылу энергиясын Тұтынушының мұқтаждары үшін жылу энергиясын, жылу жеткізгішті пайдалануға арналған құрылғы;

            өнім беруші – Тұтынушыға жылу энергиясын беруді және/немесе таратуды жүзеге асыратын ұйым;

            төлем құжаты – Өнім берушінің коммерциялық есепке алу аспаптарының іс-жүзіндегі көрсеткіштері негізінде, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған жағдайда, тұтынылған жылу энергиясы үшін Тұтынушы ақы төлеуді жүргізетін есеп айырысу жолымен жазып берген құжаты (шот, хабарлама, түбiртек, ескерту шоты);

            тұтынушы – жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген жеке немесе заңды тұлға;

            уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополия салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

            электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

 

2-ТАРАУ. ШАРТТЫҢ НЫСАНАСЫ

 

  1. Шарттың алдындағы міндетті талаптар: ______ (осы тармақта міндетті талаптар, оның ішінде техникалық шарттың, ___________ жылумен жабдықтау жүйелерінің техникалық дайындығы актiсiнiң, жылу ___________ желілерiн ажырату актісінiң болуы және т.б. көзделеді)
  2. Өнім беруші жылу желiлерiн ажырату актiсiмен айқындалатын баланстық тиесілілігі мен пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасына дейiн Өнім берушінің жылу желiлерi арқылы Тұтынушыға жылу энергиясын берудi және/немесе таратуды жүзеге асыруға мiндеттенедi.

            Бұл ретте, Тұтынушыға жеткiзілетін жылу энергиясының параметрлері (сапасы) тараптардың баланстық тиесiлiлігінің шекарасында орнатылған бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткiштерi бойынша анықталады және электр энергетикасы саласындағы ұлттық стандарттарда немесе нормативтiк-техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, сондай-ақ Өнім беруші жасаған және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген температуралық кестеге сәйкес келуі тиiс.

  1. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше айтылмаса, жылу энергиясын беру және/немесе тарату үздiксiз жүргiзіледi.

 

3-ТАРАУ. КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДI ҰСЫНУДЫ ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ТӘРТIБI

 

  1. Өнім беруші:

            1) жылумен жабдықтау шартында белгіленген мерзімде тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем болмаған, сондай-ақ толық төленбеген;

            2) жылу тұтынатын қондырғыларын Өнім берушінің жылу желiсiне өз бетінше қосқан;

            3) коммерциялық есепке алу аспаптары орнатылған жерге дейiн жылу тұтыну жүйелерiн қосқан;

            4) жергілікті атқару органдарының өкілдерін және Өнім берушінің өкiлдерiн жылу тұтыну жүйелеріне және (немесе) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына жiбермеген;

            5) Өнім берушінің жылу желісіне жылу тұтыну қондырғылары мен жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа техникалық дайындығы актісіз қосылған;

            6) Шартта келісілген есептелген жылу жүктемелерін және Өнім берушімен келісімсіз шарттық тұтыну режимдерін артық пайдаланған;

            7) жергілікті атқарушы органдардың және атом энергиясын пайдалану және электр энергетикасы салаларында басшылықты жүзеге асыратын органдардың нұсқамаларын белгіленген мерзімде қамтамасыз етпеу;

            8) авариялық жағдайда;

            9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық талаптар бұзылған жағдайларда Тұтынушыға жылу энергиясын беруді тоқтатады немесе шектейді.

            Бұл ретте Өнім беруші:

            осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 7), 9) тармақшаларында айтылған жағдайларда – егер шартта өзгеше көзделмесе, жылу энергиясын беруді тоқтатқанға немесе шектеуге дейін кемінде үш тәулік бұрын Өнім беруші Тұтынушыға (хабарлама қою жолымен) жазбаша немесе жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушыларға электрондық поштасына, факсына хабарлағаннан кейін;

            осы тармақтың 2), 3), 8) тармақшаларында аталған жағдайларда – хабарлаусыз дереу жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады.

  1. Тұтынушы жылу тұтынатын қондырғыларды өз бетінше қосқан, Тұтынушы коммерциялық есепке алу аспаптарын зақымдаған, есепке алу торабында қойылған пломбаларды бұзған немесе олар болмаған кезде Өнім беруші акт жасайды және Тұтынушы пайдаланған жылу энергиясының көлемiн қайта есептеуді жүргiзедi.

            Акт Өнім берушінің өкiлi мен Тұтынушының, не оның өкiлiнiң қолы болған көзде жарамды. Акт Тұтынушы немесе оның өкілі қол қоюдан бас тартқан кезде де, бірақ оны құрамында кемінде үш адам бар Өнім берушінің комиссиясы ресімдеген жағдайда да жарамды болып есептеледі. Көп пәтерлі ғимараттарда комиссияның құрамына кондоминиумды басқару органының өкілі кіреді.

            Бұзушылық актісінің негізінде Өнім беруші толық есепке алынбаған жылу энергиясының мөлшерін анықтайды және тұтынушыға қайта есептеу сомасын негіздей отырып, есептемелерді жібереді. Тұтынушы қайта есептемемен келіспеген жағдайда, Тараптардың ара-қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен реттеледі.

 

4-ТАРАУ. ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

 

  1. Өнім берушінің желiлерi арқылы берiлген және Тұтынушы қабылдаған жылу энергиясының мөлшерi коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша, ал олар болмаған немесе уақытша істен шыққан жағдайда – Өнім беруші заңнама мен нормативтік техникалық құжаттар талаптарының негізінде орындаған есеп айырысу жолымен айқындалады.
  2. Көрсетілетін қызметтерді босатуды есепке алу тараптардың баланстық тиесілілігі шекарасында жүргізіледi. Коммерциялық есепке алу аспаптары тараптардың баланстық тиесілілігі шекарасында орнатылмаған кезде, бөлу шекарасынан бастап аспаптар орнатылған жерге дейiнгi желі учаскесіндегi шығындар желінің көрсетiлген учаскесi балансында тұрған иеленушіге жатады және есеп айырысу жолымен айқындалады.
  3. Коммерциялық есепке алу аспаптарын орнатпай тұтынушының жылумен жабдықтау жүйесін уақытша пайдалануға жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін осы фактіні жою шартымен, жылыту маусымы кезеңінде жеткізушінің рұқсатымен жол беріледі. Бұл жағдайда қызметтердің көлемі есептеу жолымен белгіленеді.
  4. Жабдықтың және инженерлiк желілердің техникалық жай-күйiне, сондай-ақ жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының сақталуына жауапкершілік оның меншiк иесiне жүктеледі және баланстық тиесілілік шекарасы бойынша айқындалады.
  5. Тараптардың коммерциялық есепке алу аспаптары тексерілген және пломбаланған болуы тиiс. Тараптар есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру және көрсеткіштерді алу үшін бір-бiрiне кез келген уақытта, бірақ сағат 21:00-ден кешіктірмей коммерциялық есепке алу аспаптарына рұқсат беруі тиiс.

            Коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, Тараптар белгіленген тәртіппен қол қойылған салыстырып тексеру актісінде тіркеуі тиіс.

  1. Коммерциялық есепке алу аспаптарын белгiсiз адамдар ұрлаған немесе сындырған жағдайда, егер Шартта өзгеше көзделмесе, оның сақталуына жауапты адам отыз күндік мерзiмде коммерциялық есепке алу аспаптары қалпына келтiруге мiндеттi. Коммерциялық есепке алу аспаптары қалпына келтiрілген кезге дейiн Тұтынушы өзін жылу желiсiне қосуды талап етуге құқылы.
  2. Өнім беруші Шартқа сәйкес жылу энергиясын берудi және/немесе таратуды қамтамасыз етуге және берілетін жылу тасығыш параметрлерінің шарттағы параметрлерден +/- 5%-тен аспайтын ауытқуына жол бермеуге міндетті.
  3. Тараптар өз есебінен тиісті метрологиялық стандарттарда көзделген мерзімдерде өздерінің балансындағы коммерциялық есепке алу аспаптарын метрологиялық тексеруді жүргізеді.

            Коммерциялық есепке алу аспаптарын тексеру аспаптарға арналған аралық интервалға сәйкес тексеру әдістемелерінде көрсетілген мерзімде, сондай-ақ мүдделі тараптардың бірінің өтініші бойынша олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына күмәнданған жағдайда жүргізіледі.

            Тараптар талап ететiн тараптың есебiнен жүргiзiлетiн қосымша тексерулер жүргізудi талап етуi мүмкiн.

 

5-ТАРАУ. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

 

  1. Тұтынушының:

            1) осы Шартта белгiленген көлемде және мерзiмдерде белгiленген сападағы көрсетілетін қызметтердi алуға;

            2) жасалған Шарттың талаптарына сәйкес үзілістері кезіндегі уақыт үшін немесе толық жеткізілмеген және оның стандарттық параметрлеріне сәйкес емес жылу энергиясын жеткізгені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша қайта есептеуді айырысуды талап етуге;

            3) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде өнім берушіден тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгеруі туралы ақпарат алуға;

            4) Шарт жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшін сот органдарына жүгінуге;

            5) Өнім беруші iс жүзiнде ұсынылған қызметтер үшін ақы төлеген жағдайда, Өнім берушіні күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар ете отырып, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар. Бұл ретте, жылыту жүйесi көппәтерлi үйдiң жалпы жылыту жүйесiнiң бір бөлiгі болып табылатын жеке үй-жайдың меншiк иесiнiң жылу энергиясын беруге және/немесе таратуға арналған Шарттан бipжақты бас тартуына жол берiлмейдi.

  1. Тұтынушы:

            1) Шарттың талаптарына сәйкес Өнім беруші ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiнде көрсетілетін қызметтерге уақтылы ақы төлеуге;

            2) жылумен жабдықтау жүйелерінің тиiсті техникалық жай-күйiн сақтауға;

            3) Өнім берушіні коммерциялық есепке алу аспаптарының iстен шыққаны немесе режимнiң және жұмыс талаптарының бұзылғаны туралы жедел жазбаша хабардар етуге міндетті, олай болмаған жағдайда, коммерциялық есепке алу аспаптары тиiстi құжаттармен расталған олардың соңғы рет тексерілген күнінен бастап iстен шықты деп саналады;

            4) желілердiң, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн Өнім беруші персоналына жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен жылу тұтыну қондырғыларына кедергiсiз қол жеткiзуді қамтамасыз етуге;

            5) Шарт бұзылған жағдайда, есептемелерді салыстырып тексеру және Өнім беруші iс жүзiнде ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін борышты өтеуге мiндетті.

  1. Осы Шарттың 5-тармағында көзделген жағдайларда Өнім берушінің Шартты орындауды бiржақты тәртiппен тоқтатуға құқығы бар.
  2. Өнім беруші:

            1) жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтердiң барлық тұтынушылары үшiн тең жағдайлар ұсынуға;

            2) жылу желілерінің баланстық тиесілілік шекарасында осы Шартта берiлген жылу энергиясының параметрлерін сақтауға;

            3) Тұтынушымен жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтердi ұсынуға шарт жасасуға;

            4) Тұтынушыға тиiстi сападағы жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiнде көрсетілетін қызметтердi Шарттың талаптарында айқындалған тәртіппен және мерзiмдерде ұсынуға;

            5) Тұтынушыға жеткiзілетін жылу энергиясының сапасы мен мөлшерін есепке алуға және оған бақылау жүргiзуге, жылу энергиясының сапасын бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;

            6) Тұтынушы жылу энергиясының сапасы төмендегенi туралы өтінішті берген күннен бастап күнтізбелік үш күн iшiнде сапаны қалпына келтiру бойынша барлық шараларды қабылдауға және қайта есептеуді жүргізуге;

            7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекiтілген тарифтер бойынша жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетiн қызметтер үшiн төлем алуға;

            8) осы Шартта көзделген жағдайлардан басқа, жылу энергиясын беруде және/немесе таратуда үзiлiстерге жол бермеуге мiндеттi.

  1. Тұтынушыға:

            1) инженерлік желілерді, жабдықтар мен құрылғыларды қайта жабдықтау, реттеуші және бекіту арматурасын, сондай-ақ қауіпсіз пайдалану талаптарына және нормативтік құжаттарда белгіленген басқа да талаптарға сай келмейтін жабдықты жеткізушімен келіспей орнату, қосу және пайдалану;

            2) қолда бар жылу энергиясын есепке алу схемасын бұзуға;

            3) жылыту жүйелерiндегi жылу тасығышты тікелей мақсаты (жүйеден және жылыту құралдарынан суды ағызуға) бойынша пайдаланбауға;

            4) жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, бекіту және реттеуіш арматураны және айналмалы сорғыларды орнатуға және/немесе бұзуға тыйым салынады.

  1. Тараптарға тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге түрде бұзатын iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

 

6-ТАРАУ. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТIБI

 

  1. Жылу энергиясын беру және (немесе) тарату жөнінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді Тұтынушы Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша жүргізеді.
  2. Тариф өзгерген жағдайда Өнім беруші бұл туралы Тұтынушыны Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен хабардар етеді.
  3. Тұтынушы коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес екі жақты қол қойылған орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің негізінде есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей ұсынылған шот-фактураны алғаннан кейін Өнім беруші нақты ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнінде көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуді жүргізеді.
  4. Өткен кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, бiрiншi кезекте төлемақы осы берешектi өтеуге жұмсалады. Тұтынушы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзіндегіден артық сома төлеген жағдайда, осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде (не тараптардың келiсiмi бойынша Өнім беруші алдындағы Тұтынушының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса) есептеледi. Егер Тұтынушы Өнім берушінің келесi есеп айырысу кезеңiндегi қызметтерiнен бас тартса, Тұтынушының Өнім беруші алдындағы (eгep осындай болса) өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеуге жұмсалатын сомаларды қоспағанда, артық төленген сома қайтарылады.
  5. Егер бақылау-өлшеу аспаптарының ақаулығы салдарынан және басқа да жағдайларда шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда, Тараптар кейiнгі есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгізедi.
  6. Төлем құжатында көрсетілген деректемелер бойынша Өнім берушінің ағымдағы шотына ақшаның есептелуі Өнім берушінің жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiнде көрсетілетін қызметтерiне ақы төлеу бойынша Тұтынушының мiндеттемелерiн орындауы деп танылады.

 

7-ТАРАУ. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI

 

  1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты болады.
  2. Шарттың 31-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бойынша төлем мерзімі басталған кезге шотты төлемегені үшін Өнім беруші Тұтынушы төлемеген сомалар бойынша төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемеден аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы.

            Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу Шарт жасасқан кезде жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың бірінші күні болып табылады.

  1. Егер Өнім беруші үшін Тұтынушыға қызмет көрсету мүмкін еместігі Өнім берушімен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кінәсінен болса, Тұтынушы алдында Өнім беруші жауапты болады.
  2. Тұрақсыздық айыбын төлеу тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

 

8-ТАРАУ. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ МӘН-ЖАЙЛАРЫ

 

  1. Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соғатын еңсерілмейтін күш жағдайлары (көздеу немесе алдын алу мүмкін емес дүлей зілзала немесе өзге де мән-жайлар), сондай-ақ әскери іс-қимылдар, ереуілдер және т.б. басталғанға дейін туындайтын шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

            Еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кейін Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған, еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін нақтылайтын және сипаттамасын жазбаша хабарламаны табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

  1. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

            Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда, Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

 

9-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

 

  1. Тұтынушымен Жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiндегi қызметтерді көрсетуге арналған шарт жеке тәртiппен жасалады.
  2. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша немесе жалпы немесе қандай да бiр мәселелерге немесе Шарттың ережелерiне қатысты іс-қимылға байланысты туындаған қандай да бiр дау немесе келiспеушілiк жағдайында, Тараптардың кез келгенi екiншi Тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.

            Тараптар бүкіл дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жiгерiн жұмсауы тиiс.

  1. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

            Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

  1. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  2. Шарт қазақ және орыс тілдерінде, әрбір тарап үшін бір данадан екі данада жасалады.
  3. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгі Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

 

10-ТАРАУ. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗIМI

 

  1. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi және 20_ жылғы "__" ________ дейiн қолданылады.
  2. Шарттың қолданылу мерзiмi жылу энергиясын беру және/немесе тарату көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтізбелік отыз күн бұрын тараптардың біреуі бұл туралы мәлiмдece, шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.

            Тараптардың бірінің мерзімі аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған кезде, ол шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

 

11-ТАРАУ. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ,

БАНК ДЕРЕКТЕМЕЛЕРI ЖӘНЕ ҚОЛДАРЫ

 

Өнім беруші:                                                                                                                            Тұтынушы:
____________________                                                                                     ____________________